Балалар жаңа мектепке барады

Сарыкөл ауданының Урицк орта мектебіне заманауи үлгіде жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Білім ошағының сырты мен іші адам танымастай өзгерген.
мектептің ішкі көрінісіАйталық, бөлмелердің барлығы керемет, көздің жауын алады. Әр бастауыш сыныпқа қол жуатын қондырғылар қойылған. Спорт залда өте жақсы жасалған. Мұның сыртында, мектептің айналасына тас жол төселуде. Волейбол, баскетбол және футболға арналған  спорт кешендерін тұрғызу жоспарға алынған.Осылайша,  мектептің сыртқы алаңы да жаңа кейіпке енбек. Құрылыс нысаны 15 тамызда қолданысқа енгізіледі.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓