ЭКСПО кешені дайын болды
10 маусымда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталды. Tengrinews.kz тілшілері елдегі ең ірі жобаның ашылуға бір ай қалғандағы қалпымен танысты. Бес жыл бұрын 161 елдің өкілі жасырын дауыс беру арқылы 2017 жылы мамандандырылған көрмені Астанада өткізуді қолдаған. Кейінірек ұлттық компания көрме кешенінің жобасын таңдаумен айналысты. Соңында кешен орталығында сферасы бар жоба жеңіп шықты.
"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ өкілдерінің айтуынша, осы конструкция күн сәулесінен қуат алып, оны электр қуатына айналдырады. Сфераның үстінде екі желайдағыш генераторлар орнатылады. Павильонның іші мамандандырылған көрме стилінде – футуристтік дизайн болады.

"Бүгінде 20 нысанның 18-і аяқталды. Екі нысанда жұмыс жүріп жатыр – бұлар Конгресс-орталық пен қонақүй", – деді Ахметжан Есімов.
Қатысушы елдердің тулары ілініп тұрады. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ мәліметінше, халықаралық рейстермен 310 мың шетелдік азаматтар келеді. Көрме басталған уақытта министрлік қосымша рейстерді қосуды көздеп отыр. Польша, Венгрия, Финляндия және Қытайдан аптасына 11 рейс келіп тұрады.
Түнгі уақытта сфераның түсі өзгереді. Кейінірек, ұйымдастырушылардың уәдесі бойынша, сфераның үстінде жарық шоулар ұйымдастырылады. Павильондардан бөлек, көрме аумағында ашық аспан астында конгрес-хол мен амфитеатр жұмыс істейді. EXPO-2017 көрмесін белгіленген күні көру үшін 4 мың теңге болады, ал демалыстарда – 6 мың. Мерзімі шексіз билеттер 8 мың тұрады. Билеттерді қайдан алуға болатынын және толық мағлұмат алу үшін мына жерді басыңыз.