Ұлттың ұйтқысы – Ахмет Байтұрсынов

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың республикалық басылымдарда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы жарық көріп, көпшілік назарына ұсынылған болатын.
Осынау аса маңызды құжатта таяу жылдарда қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жайы қозғалды. Бүгіндері ол жұртшылық тарапынан қолдау тауып отыр.20170421_154513Жуырда Қостанай қалалық мешітінің ұжымы мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұстаздары отыз жетінші жылдың қанды қырғынына ұшырап, қиянат құрбаны болған алаш ардақтыларының бірі – Ахмет Байтұрсыновқа арналған рухани кеш ұйымдастырды.
Бұл басқосу «Ұлттың ұйтқысы – Ахмет Байтұрсынов» деп аталады. Жиынға негізінен аталған жоғары оқу орнының гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің қазақ филологиясы мамандығының студенттері қатысты.
Рухани кешті мешіттің бас имамы Шоқан қажы Ғазизұлы ашып, жиынның негізгі алға қойған мақсаты мен міндетіне тоқталды.20170421_162141
20170421_154655Осы мәжілісте кафедра меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Гүлжан Жүрсіналина «ТАРИХ ТАНЫМ:ТАҒЛЫМ мен ТАҒЗЫМ» тақырыбында баяндама жасады. Қатысушыларға бейне слайд ұсынды.
Сондай-ақ жоғарыда аталған университеттің студенттері Күнжамал Кенжеахметова мен Аяжан Әмірғалиева А.Байтұрсынұлының «Маса» және «Жұртыма» атты деп аталатын өлеңдерін оқыды.
Ал мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы әңгімеге арқау болған ұлт көсемінің қазақ тіліне, діліне және дініне кезінде аса зор мән бергеніне тоқталып, оның өмірінен сөз қозғады.20170421_164306Кеш соңында мешіттің бас имамы Шоқан қажы Әмірханов және гуманитарлық-әлеуметтік факультет деканы, педагогика ғылымының кандидаты, доцент Сауле Жалғасқызы жиналған қауымға шынайы алғыстарын білдірді.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓