Қоғамдық көліктер бағыты өзгереді
Қостанай қаласында 24 сәуірден бастап бірнеше автобус жол жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша маршруттық бағыттарын өзгертеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада абай даңғылындағы Ворошилов-Быковский көшелері шекарасын қалыпқа келтіру жұмыстарына байланысты № 3, 13, 18, 19, 10, 27, 108 қоғамдық автобустар бағыты өзгеретіні айтылады.