Ескіні жаңартады

Қостанай қаласында 2022-2025 жылға дейін реновация бағдарламасы қабылданады. Бұл жоба облыс орталығында апатты жағдайда тұрған тұрғын үйлерді азайтуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама жоспары авариялық және ескірген тұрғын үйлерді бұзу және одан адамдарды көшіру арқылы қалалардың «ескі» баспаналарды кешенді түрде қайта жаңартуды көздейді.
Қазір уақытта құжат әлі ресми түрде бекітілмеген жоқ. Және жөндеу жұмыстары жүргізілетін қаланың шағын аудандары нақтыланбаған.
«Қаладағы ескі үйлерге жаңарту жүргізіледі. Бұл мәселе қазіргі таңда аса маңызды болмаса да, назар аударуды қажет етеді. Нормативтік актінің жобасын қабылдағаннан кейін КЖБИ шағын ауданынан бастауды жоспарлап отырмыз. Оған КЖБИ шағын ауданына қарасты 60-тан астам көше кіреді. Олар – Мирошниченко, Кочубей, ескі КЖБИ көшелері», – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің бас маманы Данияр Әменов.
Әкімдікте реновациялауға жататын объектілердің кезектілігі көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс конструкцияларының тозуы, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ үй-жайлар иелерінің пікірі және сараптама ұйымының қорытындысы арқылы ескеріліп барып ғана айқындалатын болады.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓