Елбасы қолдаушы халқына алғысын айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық реформаларды талқылау барысында Президенттің рөлін күшейту жөнінде ұсыныс жасаған қазақстандықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  елбамсы«Мен еліміздегі жобаны талқылау барысын байқап отырдым. Азаматтардың көбісі өзгерістер қазіргі билік вертикалінің әлсіреуіне алып келмей ме деген алаңдаушылық білдірді, сондай-ақ Президентке қолдау білдіре отырып, керісінше Мемлекет басшысының рөлін күшейтуді ұсынды. Өз пікірлерін айтқан барлық азаматтарға шын жүректен алғысымды айтамын, олардың арасында сіздердің де ұсыныстарыңыз болды»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттарға қаратып айтқан сөзінде.
Сонымен қатар, Елбасы бұрынғысынша Конституцияға сәйкес, Президент жоғарғы мемлекеттік биліктің негізі болып қала беретінін атап өтті. Оның құзыретіне Ата заңды қорғау саласында, билік тармақтары арасындағы қатыныстар, қорғаныс және қауіпсіздік, елдің сыртқы әрі ішкі саясаты секілді стратегиялық қызметтер қалады. «Аталған реформа кенеттен жасалған ұсыныс емес, терең ойдың, бүгінгі шынайылыққа тыңғылықты қадамның жемісі екенін атап өткім келеді»,-деді Елбасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓