Горняцкийді су басуы мүмкін

Ауа райының күрт жылынуына байланысты Рудныйлық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қарғын судың алдын алу жұмыстарына көшті. Кеше олар Рудныйдың іргесіндегі Горняцкий кентінде болып, өткен жылы су басқан тұрғын үйлерді аралады. Халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық буклеттер таратты.фик
 
фукБиыл Қазақстанның солтүстік аумағына қар қалың түсті. Синоптиктер қар және жаңбыр түріндегі жауын-шашын алдағы уақытта да белгіленген нормадан артық түспесе, кем түспейтіндігін айтады. Сондықтан күннің көзі шығып тұрған осы кезде аула мен көшелерді қардан тазартса, апаттың алдын алуға мүмкіндік туады.
– Біз қарғын суға байланысты барлық жұмыстарды жергілікті билікпен қоян-қолтық атқарамыз. Жуырда басқармамызда осы мәселеге орай комиссия отырысы өтіп, алдын алу шараларының жоспары белгіленді. Рудныйда негізінен шеткі аумақтарда орналасқан жеке тұрғын секторында су басу қаупі жоғары. Сол себепті тұрғындарды мамандардың ескертуіне құлақ асып, үйлерінің ауласын дер кезінде қардан тазартуға шақырамын, – дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ақбота Умбетьярова.
Өткен жылы Горняцкий кентінде 50 шақты үйді су алды. Әсіресе, елді мекеннің Мичурин, Досжанова көшелері төменіректе орналасқандықтан еріген қар суы үйдің барлық бөлмелеріне кіріп, тұрғындарды әбігерге салды. Мәселен, Жалғасбаевтардың отбасы былтыр бір апта бойы судың астында қалған. Әкімдік тарапынан суды сорып алатын техника бөлінгенімен жан-жақтан аққан толассыз суға тосқауыл қою мүмкін болмаған.факк
– Қорадағы мал түгіл далаға шығу мұң болды. Үйдің іші су басқандықтан, туысқандардікіне қонып жүрдік. Әкімдікке рахмет, дер кезінде көмек қолын созды. Биыл көшелер қарға толды. Енді оны жауапты мекемелер ауылдың сыртына шығарып тастаса, жақсы болар еді, – дейді кент тұрғыны Аманбай Жалғасбаев.фак
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» емес пе. Бүгінде табиғи апатты болдырмау үшін тұрғындар өз аулаларын қардан тазартып жатса, жергілікті билік те қарап отырған жоқ. Оған қарасты техникалар кенттің орталық көшесінің жолдарын кеңейтіп, қарды ысырып тазартуда. Дегенмен Аманбай ақсақал айтпақшы, қарды ауыл сыртына шығарып тастамаса, барлығы бос әуре сияқты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓