Ауыл еңбеккерлері баспаналы болды

Федоров ауданының Копыченка ауылында жылына 45 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Ал Қамысты Шаңдақ ауылында осындағы сүт фермасынының төрт қызметкері баспаналы болды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданға жасаған сапарында құрлысы аяқталуға таяу кәсіпорын жұмысымен танысты. Сондай-ақ, баспаналы болған еңбек майталмандарына жаңа пәтерлердің кілтін өз қолымен табыстады._MG_3544Копыченка аулындағы бұл май зауыты 2011 жылы ашылған. Жергілікті шикізаттан табиғи таза өнім шығарады. Өндіріс толық автоматтандырылған, сондықтан қолмен атқарылатын жұмыс аз. Кәсіпорында барлығы 7 адам еңбек етеді.
-Салқын сығымды май шығарамыз. Жылына 2 мың тонна. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанға жібереміз. Қытайға шығу жоспарда бар. Оны уақыт көрсетеді,- дейді шаруашылық құрылтайшысы Мұхамбетжан Ақұлов._MG_3444
_MG_3432Сұраныс бар, шикізат жеткілікті. Сондықтан кәсіпорын өндіріс аясын кеңейтуді қолға алды. Биыл құны 900 млн теңге тұратын жаңа нысанның құрлысы басталған. Қазір жабдықтарды монтаждау жұмысы жүріп жатыр. Жаңа нысанның қуаты жылына 45 мың тонна шикізат өңдеуге жетеді. Ендігі меже экспортты еселеу. Бүгін зауыттағы жұмыс барысымен танысқан аймақ басшысы осыны тапсырды._MG_3446
_MG_3408-Экспортқа шығару керек. Біз жақында Өзбекстанға барамыз. Қандай ұсыныс бар, соны айтыңдар. Кәсіп аясын кеңейтіп, пайда түсіру қажет,-деді облыс әкімі._MG_3498Ал Қамысты Шаңдақ ауылында облыс әкімі индустрияландыру картасы аясында іске қосылған замануи сүт фермасында болды. Қазір мұнда 2 жарым мыңнан астам асылтұқымды ірі қара бар. Өткен жылы кәсіпорын 4600 тоннаға жуық сүт, 83 тонна ет өндірген. Елбасы жолдауында көрсетілгендей шаруашылық басшылары өз еңбеккерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуды да басты назарда ұстап отыр. _MG_3508
_MG_3507-Осы жолдауда белгіленген тапсырманың – бірі тұрғындарды баспанамен қамту. Соған сәйкес, міне, 4 тұрғынға жаңа үй берілгелі отыр,-деді А.Мұхамбетов._MG_3549
_MG_3561Бүгін баспанаға ие болғандардың бәрі жергілікті шаруашылықта ұзақ жыл жемісті еңбек етіп келе жатқан жандар. Жаңа үйлер қаладағы пәтерлер тәрізді жабдықталған. Суы кіріп тұр, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Әр нысанның құрлысына 15 млн теңге қаржы жұмсалыпты. Мақсат – ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеріп, тұрғындардың алаңсыз еңбек етуіне мүмкіндік туғызу.
 
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓