Матвейге үміт сыйлаңыз

Қарабалық ауданына қарасты Научное ауылының төрт жасар тұрғыны Матвей Ильченконың қатерлі ауруға ұшырағаны, оның көмекке мұқтаж екендігі туралы бұған дейін жергілікті "Айна" газетінде хабарланған болатын. Жомарт жандардың арқасында ол қазір Ресейдің онкологиялық орталығында емделу мүмкіндігін алды. Жаңа жылды сол емханада қарсы алуына тура келді. Бір ғанибеті, қарабалықтық балғын мереке қарсаңында ресейлік танымал жұлдыздардан құттықтаулар мен сыйлықтар алды. матвейФутболшы Василий Березуцкий мен Александр Кержаков, сондай-ақ тележүргізуші Дмитрий Шепелев онкологиялық орталыққа барып, науқастарға көмек қолдарын созды. Жұлдыздар кішкентай Матвей мен оның ата-анасына қысқы демалыс уақытында ұшақпен Мәскеуден Астанаға және кері ұшып келулері үшін жолақыларын төледі. 
9 қаңтарда бүлдіршіннің 3 айлық емделу курсы басталады. Матвей Ильченкоға қойылған диагноз қорытындысы жан түршіктіреді – қатерлі аурудың 4-ші сатысы. Бірақ, соған қарамастан, баланың жазылып кетуіне үміт бар! Дәрігерлер ота сәтті шығып, қажетті терапия алса, сауығып кетуі ғажап емес екендігін жеткізіпті. Матвейдің еміне еліміздің әр бұрышындағы қамқор азаматтардан әлі ақша жиналуда.  Ғажайыптың орындалуы үшін барлығы 10 млн теңге қажет екен. Балдырғанның жағдайы жергілікті тұрғындарды аяғынан тік тұрғызған. Ауданның педагогтары, еңбек ұжымдары мен қоғамдық, діни ұйымдар мейлінше қол ұштарын беруде. Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері де шетте қалған жоқ: олар қолдан жасалған бұйымдарын қайырымдылық жәрмеңкелерінде сатуға кіріскен…
Науқас бүлдіршінге қайырымдылық көмек көрсеткісі келетіндер үшін Матвейдің анасының банк реквизиттерін жариялаймыз:  Киви-шоттың нөмірі: +7-777-418-42-02 «Центр Кредит» банк картасының нөмірі 4667 2033 3770 3934 ЖСН 810821450603. Зенкова Юлия Сергеевна

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓