Мереке күні баспаналы болды

Тәуелсіздік күні жүзден астам қостанайлық отбасы пәтер кілтіне ие болды. Мереке қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қоныс иелерін қос қуаныштарымен құттықтады. IMG_9441
IMG_9484-Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын тойлау барысында біз бірқатар әлеуметтік нысындарды іске қостық. Бұл жоба тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жалғасын тапқан болатын. Бүгін – үлкен мереке. Осы мейрам күні "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы салынған үйді тұрғындар игілігігне бергіміз келіп отыр. Бас-аяғы 102 пәтер қолданысқа беріледі. Бүгін 20 отбасыға баспана берсек, қалғаны жуық арада қоныстарына қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, тағы бірер күннен соң 70 пәтерлі жаңа үй өз иелеріне табысталады,-деді облыс әкімі. IMG_9483
 
IMG_9472Өңір басшысы әр отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде тапсырды. Қуанышқа кенелген көршілер бір-бірін құттықтап, үздікіз қол соғумен болды. Кейін облыс әкімі  қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың шаңырағына бас сұғып, баспананың сапасымен танысты. IMG_9492
IMG_9494
IMG_9502
IMG_9506
IMG_9519
IMG_9541
IMG_9535
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.     
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓