Тұз сасыса…

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты полиция қызметкеріне қатысты істі қарады. Ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін айыпталды.мас полицей
20 қарашада шамамен сағат 23.00-де көлік иесі жүргізуші куәлігінсіз рөлге отырып, мастық қалпын медициналық куәландырудан өткізуден бас тартқан. 
Сот отырысы барысында әкімшілік құқықбұзушылыққа барғанын мойындаған жоқ. Көлік рөлінде әйелінің отырғанын айтып ақталған. Ал полицияның бейнетіркегішіндегі таспаны монтаждатып алған. Десе де айыпталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Енді ол 20 күнге қамауға алынады.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓