Қаржыландырылғандар қатарында – 4-орын
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай облысында 20 шақты шағын және орта бизнес субъектілеріне тән жоба 3 млрд теңгемен қаржыландырылды, дейді "Алау" порталы.
Бұл туралы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының" Қостанайдағы филиалы жетекшісі Замира Оразбаева айтты. Сондай-ақ, оның сөзінше, "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы арқылы да биыл 99 жоба 10 млрд теңгеден астам сомада қаржыландырылған, оның ішінде 11 жобаға елдің Ұлттық қоры есебінен қаржы құйылған.

"Рейтинг бойынша, облыстар ішінде біз 4-орындамыз. Жобалардың 80 пайызы азық-түлік және құрылыс материалдарымен байланысты. Түсімнің 65 пайызы айналымдық қаржыны толтыруға бағытталады",- дейді ол.