Жел күшейіп, бұрқасын соғады
Бүгін Республикамыздың солтүстігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болып, жел күшейеді. Кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Келер айдың басынан бастап Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-22 м/с күшейеді. Қалың қар түседі деп болжамдалуда. ТЖД-ін алаңдататыны сол, жауын-шашынның жалпы нормадан ауытқуы көктемде су тасқыны қаупін төндіреді.