“Тобыл-Торғай” топ жарды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ашылғанына 1 жыл ғана болған «TOBYL-TORGAI.KZ» сайты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік Тілді Дамыту Қоры бірлесіп ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет-сайт сыйлығы байқауы» бойынша «Шынайы өмір» аталымының жеңімпазы болып танылды. Сонымен қатар, дипломмен марапатталып, сайт ұжымына қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт ретінде 300 000 теңгеге ақшалай сертификаты қоса берілді.тобыл

амандык– Екі жыл бұрын Фейзбукте топ ашып, кейін оны сайтқа айналдырған едік. «Біріміз ойда, біріміз қырда» жүрсек те бір мүддеде тоғысып, істі қолға алдық. Бұл ретте, бастамашы Аслан Қанғожин, Абылай Мауданов сынды азаматтарды ерекше айту керек. Ойымызды іле қостаған Талғат Әмірхамзин, Жәнібек Аянбай, Еркеғали Бейсенов пен Шалқар Әміржан бауырларымыз кеңесе келе Ғанибет Ғалымбекұлын редактор сайлағанымыз кеше ғана сияқты. Азамат Есенжол бауырымыз да бізді қуаттаған топтың ішінде болды. Аз уақытта көп мəселе көтердік деп ойлаймын. Астықты өңірдің руханиятын жандандыруға жан-тəнімізбен үлес қостық, тарихи, танымдық, сыни дүниелер жарияладық. Кей материал 45 мыңнан астам оқырман жинады, ол әрине тынымсыз еңбектің нəтижесі, – дейді сайттың Атқарушы директор Амандық Қорғанұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓