Улы газдың құрбаны болып қалмаңыз

Күн суытып Қостанай облысында жылыту маусымы басталды. Көбі әлі күнге дейін пешпен жылытудан бас тартқан жоқ: орталықтанған жылытулар мен газ көбінде жоқ, ал электрлі жылытқыштар үнемсіз. Бірақ пеш адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп тудыруы мүмкін. Қазір өрт жайлы емес, «үнсіз өлтіруші» –улы газ туралы айтылуда. Ол көзге көрінбейді, білінбейді, қауіпті, онымен улану адам өліміне әкеліп соғады. Газ өзінің уландыратын қасиетін жоймай таза ауамен тез араласады.угарный газ
Адамдар отынды, көмірді үнемдеу үшін және үйдегі жылуды сақтап қалу үшін, көмірлердің жанып кеткенін күтпей пештің мұржасын түнде тығындап жауып қояды. Улы газбен улану көбіне ұйқыда жатқан кезде болады.
Мәселен, былтыр Меңдіқара ауданында бір отбасының жаппай қаза болуына ұйқыға жатар алдында мұржаны бітеп қоюы себеп болған. Дәл осы жылы Қарабалық ауданында және Арқалық қаласында ересектер пешті тұтатып, балаларды қараусыз қалдырып жұмысқа кеткен. Салдарынан балалар уланып көз жұмды.
Пешпен жылыту қолданылатын үйлерде ғана улы газбен улану болады деп ойлаған дұрыс емес. Көлік иелері де сақтана жүруі тиіс – өздерінің көлікжайларында оқыстан опат болағандар бар. Көлікжайдың қақпаларын жауып қойған күйінде автокөліктерін жылытпақ болады олар. Арты қайғылы аяқалады.
Қалалық пәтерлерде де уланулар болады. Орталықтандырылған жылуды жеткіліксіз санап, тұрғындар ылғалдылық пен салқыннан арылу үшін газ плиталарын қолдана отыра трагедияға душар болуы мүмкін.
Барлығы – қарапайым қауіпсіздік шараларына селсоқ қараудан. Өмір, денсаулық үшін техникалық қауіпсіздік туралы ойлану артық емес.
 
М.А. Бекпаев,
Қостанай облысының ТЖД
азаматтық қорғау подполковнигі

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓