Қоғамға – дені сау полицей қажет
Қазіргі таңда облыстық ІІД оқу орталығында болашақ жол-патрульдік полиция қызметкерлері кәсіби шеберліктерін шыңдауда.
Тәртіп сақшылары жылдың төрт мезгілінде де далада қызмет атқаруға мәжбүр. Құбылмалы күн райы құқық қорғаушылардың тәні мен жанын жаралауы ықтимал. Осы тектес олқылықтың алдын алу мақсатында, облыстық денсаулық орталығының мамандары полицейлерге жүрек-қан тамырлары мен туберкулездің алдын алу және алкоголизм проблемалары туралы дәріс оқып, бірқатар тренингтер өткізді.