Саз бен қимыл үйлесіп…
Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында арбадағы спорттық биден облыстық ашық біріншілік өтті. Ерекше сайысқа 14 жұп қатысты.
Арбадағы би өнерінің бастауында біздің өңір тұр. Спорттың дәл осы түрінен алғашқы республикалық фестиваль 2009 жылы Қостанайда өткен болатын. Аталмыш сайыста жерлесіміз Аруна Жақсағұлова мен Олег Лазаревтың жұбы жеңімпаз атанған еді.
Бүгіндері арбадағы би спорты тың серпін алды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында ашық біріншілік ұйымдастыру жыл сайынғы дәстүрге айналды. Іс-шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Үміт-Надежда» ҚБ мұрындық болып келеді.
Биыл бесінші рет ұйымдастырылған сайыста Қостанай ауданы, Рудный және Қостанай қалаларынан келген 14 жұп өнер көрсетті. Олар Затобол кентіндегі «Астана» спорт кешенінде бас қосты. Қатысушылардың кейбіреулері жұп болып, енді бірі жеке дара биледі. Іс-шараны билік өкілдері де тамашалап, облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев құттықтау сөзін сөйледі.
-Арбадағы спорттық би біздің облысымыздан басталып, республикаға таралғанын белгілі. Сол уақыттан бері қарай өңірімізден қаншама талантты биші-спортшылар шықты. Ел танитын чемпиондарымыз да жетерлік. Спорттың бұл түрі паралимпиада ойындарының бағдарламасына қосылғанын да білесіздер,-деді облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев.
Көрерменнің назарын аударған бишілердің бірі суреттегі Мәлика Мұқтарова. Ол әріптесімен бірге жарасымды жұп болып, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Мәлика саз ырғағына ілесіп түрлі қозғалыс жасағанда еріксіз қошемет білдіресіз.
-Алты жылдан бері би үйірмесіне барамын. Екі жылдан бері байқауларда бақ сынап жүрмін. Биыл Қазақстандағы ішкі чемпионаттарға қатыстым. Қола және күміс жүлдегер атандым. Арбадағы бидің өз қиындықтары бар. Бірақ, адам қаласа кез келген іспен айналысады,-деді Мәлика Мұқтарова.
Ашық біріншіліктің қорытындысында жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар мен сыйлықтар берілді. Ал үздік бишілер облыстық құраманың қатарына алынатын болады. Олар кейін республикалық, әлемдік чемпионаттарда еліміздің намысын қорғайды.

Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.