Қауіп-қатер қазір-ақ…
Осы жылы тамыз айы Қостанай облысы үшін аномальді құрғақ әрі аптап ыстық болып келді. Қостанайлықтардың көпшілігінде жазғы демалыс уақыты жалғасуда. Облыс тұрғындары табиғатта демалуға шығады, ал қандай демалыс кәуәпсіз өтеді?! Бірақ кәуәпсіз қалсаң да, жауапсыз болмау шарт.
Құрғақ, желді әрі аптап ыстық ауа райы – бұл өрт қаупі көп мезгілде ережелерді мықтап сақтау туралы ойлануға себепкер болуда. Мұндай ауа райында титімдей ғана ошақ көзі түгелдей тұрғын үйді шаруа құрылыстарымен қосып және ірі орман алқабын күлге айналдыруы мүмкін.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесіп зейнеткерлер, дәулетсіз және көп балалы, сонымен бірге тұрғылықты мекендейтін тұрағы жоқ және жұмыссыз тұлғалар мекендейтін орындарда рейдтер мен аула аралаулар жүргізді. Осы уақыттарда азаматтарға ашық ошақ қойғанда, тұрмыста, от, шатыр жабу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларына аса мұқият болу қажет. Өйткені көбіне адами фактор себепші болып келеді, әсіресе алкоголь ішімдіктерін тұтыну сан соқтырып жатады.
Қостанай облысының ТЖД ӨҚСПҚжББ МӨББ бас маманы азаматтық қорғау майоры Б. Мұқанова