Темір-бетон зауыты ашылды
Федоров. Құдық және септик құрылысына арналған темір-бетонды шығыршық өнімдер әзірлейтін зауыт ашылды. Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мүмкін болды. Тәулігіне он комплектіге дейін өнім өндіретін цехқа сұраныстар көптеп түсе бастады. Жеке кәсіпкер өндіріс аясын кеңейтуді жоспарлап отыр. Жеке тұрғын үй құрылысына қажетті материалдар әзірлемек.