Еңбектері еленді
Байланыс және ақпарат күні Сарыкөл аудандық газеті мен телекоммуникация торабы қызметкерлерінің мерейі тасып, еңбектері еленді.Қос ұжымды құттықтаған аудан әкімі Эльдар Күзенбаев, алдымен, олардың ауданға сүбелі үлес қосып, сарыкөлдіктер үшін сапалы еңбек етіп жатқандықтарын атап өтті. Сондай-ақ, адал еңбектері үшін және кәсіби мерекенің құрметіне орай «Сарыкөл» газетінің тілшілері Руслан Әлкеев, Наталья Комарова, Валерия Довголь, Баян Молдабаева және телекоммуникация мамандары Мұрат Молдабеков пен Әсемгүл Сүндеталиналарды марапаттады.
Нұрислам ОРАЗБАЙ.
Сарыкөл ауданы.