Ерлан Нұрманғалиев – “Ауылым – сағынышым”

Ерлан Нұрманғалиев (1971-2008) – ақын, композитор, әнші, домбырашы. Қостанай облысының Аманкелді ауданына қарасты Қабырға ауылында дүниеге келген. Өмірден ерте озған әмбебап өнер иесінің артында бай рухани-мәдени мұрасы қалды. Оның өз сөзіне жазылған әуезді әндері облыстық қана емес, республикалық сахналарда орындалып жүр. "Асыл жарым", "Жүрегімнің алауы" "Жұмбақ махаббат", "Іңкәр сезім", "Есіме аламын" сынды көптеген әндерін Мирас пен Құралай, Мәдина Садуақасова, Төреғали Төреәлі, Нұрболат Арзамасұлы, Медет Шайкелов, Шахаризат Сейдахмет секілді көптеген эстрада жұлдыздарының репертуарына енген. Таяуда ғана автордың өлеңдері мен әндері енген "Ақ қайың" атты кітап жарыққа шықты.
Өлеңді оқыған Нұрболат Мешітбаев.

You may also like...

2 Responses

  1. нурболат айтты:

    Нұрболат Мешітбаев рахмет Ерлан ағамызды еске алып жүргендеріңе.

  2. Қолқоюсыз айтты:

    Осы кітапты кайдан алуға болады?

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓