Өлмейтұғын артына із қалдырған…
17 маусым күні Қостанай қаласындағы "Мирас" мәдениет үйінде ақын, композитор, әнші Ерлан Нұрманғалиевті еске алуға арналған "Жүрегімнің алауы" атты кеш өтті. Небары 32 жасында өмірден озған сыршыл лириканың, әуезді әуеннің, пәруана-ғұмыр иесінің рухани мұрасымен Тобыл-Торғай жұрты сусындады.
Ерлан Нұрманғалиев 1971 жылы 2 қарашада Аманкелді ауданының Қабырға ауылында дүниеге келген. 90 жылдардың басынан бастап ақындық-композиторлық қырын шыңдап, шығармашылық жолда еңбек етті. Бекзат азаматтың бар ғұмыры Арқалық қаласында өтті. Дүниеден озғанына биыл он жыл. Артына қалдырып кеткен өлшеусіз мәдени-рухани мұрасы оның өнердегі өмірін жалғастыруда. Есімі ән көгінде әуелеп, жыр өлкесінде жатталып қалды…
Оның "Асыл жарым", "Жұмбақ махаббат", "Жүрегімнің алауы", "Есіме аламын", "Сағыныш сазы", "Іңкәр жүрек", Туған жерім – Қабырға", "Ақ қайың" атты әндері облыстық деңгейде ғана шырқалып жүрген жоқ, қазақ эстрадасы жұлдыздарының орындауында қалың жұрттың көңілінен орын алған. Әсіресе, Мирас пен Құралай, Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі және Нұрболат Арзамасұлы автордың өлеңдерімен тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Осынау кешке де Медет Шайкелов, Нұрболат Арзамасұлы, Шахаризат Сейдахмет бастаған тұтас елге танымал әншілер арнайы келді. Жиылған жұртты әсем әуенмен тербемекке облысқа белгілі жас өнерпаздар да атсалысты. Араларында марқұмның өзі құрған "Сағыныш", "Шұғыла" топтары бар. Музыка сыншыларын елең еткізген Е.Нұрманғалиевтің күйшілік өнерімен де көрермен жақын танысуға мүмкіндік алды. Арқалықтық домбырашылар тыңдармандарға автордың жуырда ғана нотаға түсірілген "Шашу" күйін шашу етті.
Әмбебап өнер иесінің ерекше бір қыры – ақындығы. Тұнық, таза сезімге құрылған жырлары оқырманын тебірентпей қоймайды. Тіні берік, теңеулері тамырлы туындылары көркемдігімен баурап алады. Тамаша талғам иесі көп әнінің сөзін де өзі жазған. Ықылас қойған жанның көңіліне шым-шым батып, сезім қылын шертетіні де содан. Кеш аясында дегдар жырлары мен сазды әндері жинақталған "Ақ қайың" атты кітабының тұсаукесері өтті. Құрметті мейман, "Қазақстан жазушылар Одағы" ҚОФ директоры, қаламгер Ғұмар Ахметшин автордың ақындық қыры туралы жан-жақты сөз етті. Аманкелді ауданы әкімінің арнайы хатын аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Н.Тәжин жеткізді. Арқалық қаласынан арнайы келген көзкөрген әріптестеріне, сондай-ақ бала күнгі достарына да сөз берілді. Ақ жаулықты анасы осы шараны ұйымдастырушыларға, атсалысушылар мен жиылған жұртшылыққа алғысын айтты.
Кеш соңын автордың "Жүрегімнің алауы" әні қортындылады. Жиылған жұртшылық танымал әнді қосыла шырқап, орындарынан тік тұрып қол соқты. Толығырақ газеттің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар.