Жаңа жүк көліктері келеді

Соколов-Сарыбай кеніне елімізде құрастырылған 63 тонна жүк көтеретін самосвалдар легі келді.
63 тонна жүк көтеретін автосамосвалдар «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» АҚ-нің арнайы полигонында сынақтан өтіп жатыр. Жыл соңына дейін Рудный мен Қашар алаңдарына осындай арнайы көліктің 25 данасы келеді.20160614143543EH1100-5 маркалы HITACHI автокөліктері №1 Автокөлік цехының жөндеу боксында құрастырлып жатыр. Жауапты іс ССКӨБ-нің көп жылдық әріптестері «TURKUAZ MACHINERY» сервистік компаниясына сеніп тапсырылған. Ал жаңа көлікті сынап көру Еуразиялық Топ құрамындағы басқа кәсіпорындарда кездеспейтін, былтыр жаңадан  салынған арнайы бақылау-апаттық жүргізу полигонында өтуде. Бұл туралы компанияның Ақпарат орталығы хабарлады.20160614143539Жаңа техниканы басқару Автокөлік басқармасының тәжірибелі жұмысшыларына сеніп тапсырылды. Олардың қатарында №3 автоколоннада технологиялық көліктерді басқаруда 35 жыл тәжірибесі бар БелАЗ, COMATSU және CATERPILLAR көліктерін басқарған Александр Васючков бар.    «Жаңа көлікке үйрену ғана қалды, оның басқаруда ыңғайлы болғаны қуантады, ең бастысы  ол ықшамды яғни маневр жасауға ыңғайлы көлік,- деді Александр Петрович.  – Пайдалану барысында көліктің қыр-сырын көре жатармыз. Қашар кенішінде 180 тонналық HITACHI көлігінің жұмысына шағым жоқ, сондықтан осы көлікті басқаруда қиындықтар болмайды деп ойлаймын», дейді ол.
Жаңа техникада жұмыс істеу үшін 80 жүргізуші – АКБ ең үздік жұмысшылары «ССКӨБ» АҚ Кадрларды дайындау орталығында арнайы курстан өтті. Алғашқылар қатарында құрастырылған қос көлік жақын күндері өндірілген өнімді Сарыбай және Соколов қоймаларына таси бастайды. Бөлшектерді құрастыру орнында қазір тағы үш көлік бар. Рудный алаңында жалпы 10 дана  63 тонналық HITACHI жұмыс істейтін болады.
 
Қазақпарат

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓