“Арқалық барысы” анықталды
"Қайрат" спорт кешенінде "Қазақстан Барысы – 2016" ұлттық сайысының үміткерін анықтау үшін боз кілемдегі палуандардың белдесуі өтті.
Сайыстың бас төрешісі – ҚР Спорт шебері Азамат Ерәділов.
Палуандар белдесуіне Арқалық қаласымен қатар қалаға қарасты Үштөбе, Родина, Фурманов, Екідің ауылдарынан ұзын саны 22 спортшы қатысты.
Нәтижесінде мамыр айының 4 – 6 күндері аралығында Қостанай қаласында өтетін облыстық іріктеу жарысына І және ІІ орындарды иеленген балуандар – Ғабит Балғынбаев пен Мейірім Кәжіков жолдама алды.
Мұрат Жүнісұлы