Бай дастархан, бекем бірлік
Бүгін қаламыздағы «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде» алдағы 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай, «Ұлттық тағамдар жәрмеңкесі» атты игі шара өтті. Мерейлі мереке құрметіне білім ордасының 1-2-курс студенттері, жиылған қонақтарға еңсесі биік еліміздің ауызбіршілігі жарасқан түрлі ұлттарының ас мәзірлеріндегі тағамдарды таныстырды. Көрме барысында білім алушылар әр халықтың тамақ әзірлеудегі ерекшеліктері мен әр астың қысқаша тарихы туралы әңгімелеп берді.
-Ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – мемлекетімізде мекен ететін барлық этностарға деген толеранттылықты арттыру, халықтардың тұрмысы мен мәдениетіне деген құрметтің ұлғаюына ықпалдасу. Осы сынды тәрбиелік жұмыстар арқылы колледж студенттерінің бір-бірлеріне деген достық қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасау, – дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары София Базарбекқызы.
Сымбат Смағұл.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.