Құмар ойын ұйымдастырған бойжеткенге айыппұл салды

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1990 жылы туған азаматша В-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Ол ҚР ӘҚБтК 444 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
SONY DSC

SONY DSC

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша В. ағымдағы жылдың 2-сәуірінде сағат 15.55 шамасында Қостанай қаласындағы орталық базар маңында, Алтынсарин көшесінің бойындағы автобус аялдамасында өткендерді құмар ойынға шақырып, заңсыз әрекетті үгіттеген.
Сот отырысы барысында В. өзінің Рудный қаласында тұратынын, Қостанай қаласына келіп, Алтынсарин көшесінің бойындағы орталық базар маңындағы аялдамада «Алик-малик-шарик» ойнын ойнағнын мәлімдеді. Ол өзімен үш кесе мен бір кішкене шар алып келген. Көшеде ойнауға болмайтынын білмеген.
Азаматша В-ның әрекеті ҚР ӘҚБтК 444 бабы 1 бөлігімен дәрежеленген. Яғни, құмар ойындарға (ақшаға, затқа және өзге де құндылықтарға) бұл үшiн бөлiнбеген орындарда қатысу, сол сияқты бұған арнайы рұқсаты жоқ адамдардың спорттық және өзге де жарыстарға бәс қабылдауы.
Сот қаулысымен азаматша В. мемлекет пайдасына 296 940 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік  жауапкершілікке тартылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓