Мас жолсерік жазаға тартылды
«Алматы-Қостанай» жолаушылар пойызында мас жүрген жолсерік әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.ІІД баспасөз қызметі хабарлауынша, 11 сәуірде түнгі сағат 01.55-те «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» өңірлік филиалының 31 жастағы жолсерігі «Алматы-Қостанай» пойызында жұмыс орнында бола тұра, жолаушыларға балағат сөздер айтып, азаматтардың тыныштығын бұзып, тоқтату краның жұлып алған. Соның салдарынан пойыз 12 минут тұрып қалды.
Көлік полициясы қызметкерлері жолсерік үстінен ҚР ӘҚтК 440-бабы 1-бөлігі, 560-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Әулиекөл аудандық соты жоғарыда аталған жолсерікке қатысты ҚРӘҚтК 434-бабы 1-бөлігін (ұсақ бұзақылық) бұзғаны үшін 3 тәулікке қамауға алу жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.
Әулиекөл аудандық соты жоғарыда аталған жолсерікке қатысты ҚРӘҚтК 434-бабы 1-бөлігін (ұсақ бұзақылық) бұзғаны үшін 3 тәулікке қамауға алу жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарды.
Қазір құқық бұзушы Қостанай аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды.