Он саусағынан өнер тамған
Райымкүл Рахалиева – кәнігі тігінші. Әр бұйымын ұлттық нақышпен өрнектейді. Оймақтай ғана отауында оюмен оқаланған көрнекі кілем, көрпе-жастықтар, киім-кешектер сіресіп тұр. Шаңырағы да, шеберханасы да сол. Таңнан-кешке дейін тігін машинасының алдында. Тапсырыстар тапжылтпайды. «Ана көрген тон пішер» демекші, 4-сыныптан қолына ине-жіп ұстаған ісмерге бұл кәсіп анасы Күләйім Қабыкеновадан қалған. Тұңғыш рет өзі тетелес оқушыларға мектеп формасын тігуден бастапты. Іс тігудің қыр-сырын түгел меңгерген соң қабілетін қазақы нақыштағы бұйымдар пішуге түбегейлі арнаған екен. Расымен, зерлі дүниелері зер салып қараған жанның көз жауын алады.
-Тігіншілік ыждаһаттылық пен мұқияттылықты талап етеді. Сол себептен қарапайым кесте тіксем де жауапкершілікті басты кезекке қоямын. Жалпы, бұл кәсібіме табыс табудың көзі ғана деп қарамаймын. Ұлттық бояуымыздың, қазақы қолөнердің қалтарыста қалмауына үлес қоссам – табыстың үлкені сол,-дейді Райымкүл Тоқтарбайқызы. Оның шығармашылық қиялында шек жоқ. Әр туындысына әрқилы әр береді. Тұрмыстық тұтыныстан тыс қала бастаған тулақ, кесеқап, құрсалғыш сынды бұйымдарды тартымын арттырып, сұранысқа лайықтау үшін еңбектенуде. Сұраныс демекші, тапсырыс берушілер, іздеп келушілер Райымкүл апайдың босағасын босатпайды . Әсіресе, қызын ұзатқан аналар тігіншінің қолкөмегіне көп жүгінеді. Талай-талай қыз жасауын әзірлеп бергенін айтады ол. Көрпе-жастық, тұскілем, шабадандары нешеме қостанайлықтың төрінде тұр екен деңіз. Тек қостанайлықтардың ғана емес, шетелдегі қандастардың да.
-Германия, Ресей сынды елдерден тапсырыс бере келген кісілер болды. Қазақстаннан шет елдерге көшкен қандастарымыз өз елдерінің «бір бөлшегін» ала кетті. Менің еңбектерім мұхиттың арғы беті – Америкада да бар. Ұлттық қолөнер бұйымдарын жинаушы итальяндықтар да арнайы іздеп келген болатын. Бұл да болса еңбектің елеусіз қалмағандығының көрінісі. Қайшы мен ине қолдан түспейінше тігіншілікті тастай қоймаспын,-дейді ол.«Арман деген – көп белес: біріне шықсаң, бірі бар». Осы уақытқа дейін жасаған дүниелерін, анығын айтқанда, қазақ халқының бұйымдарын өскелең буынға таныстырып, насихат ететін, мән-маңызын ұғындыратын шағын мұражайын ашса; тігіншілік өнерге жас ұрпақты машықтандыратын шеберхана ұйымдастырса – ісмердің келер күндерден күтетін көксемесі осы. Ал, аналық арманы – үш ұлының өмірден өз орындарын тауып, биік белестерден көрінгеніне куә болу.
-Бала тәрбиесін бірінші орынға қойған жанмын. Шүкір, мейірім мен тәлім-тәртіпті тел алып өсті ұлдарым. Қазіргі таңда тұңғыштарым – Абзал мен Нұрлан шетелде білім алуда. Ал, кенжем – Рамазан Қостанайда колледжде оқиды. Біреуден ілгері, біреуден кейін тіршілік етіп жатқан жайымыз бар,-деп тұрмысынан азды-кем сыр шертті.- Пәтер кезегінде тұрмын. Мына қуықтай бөлмені кезегім келгенше паналай тұруға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов тарту еткен болатын. Ел ағасына қамқорлығы үшін алғысым зор!
Тігінші таяуда Астана қаласында Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтетін қолөнер көрмесіне дайындалып отыр. Елдің бүкіл өңірінен жиылатын айтулы көрмеге барынша дайындалып жатыр. «Ұлттық таным тігісінен сөгілмесе» деп тілейтін адал ниет апамыздың сапарына сәттілік тілейміз!

Ж. Балғынбекұлы
Суретті түсірген Айбек Жүзбай