Көлік тонаушы құрықталды

Қостанайлық тәртіп сақшылары мен жеке күзет қызметкерлері бірнеше көлікті тонаған қылмыскерді қолға түсірді.12734155_1561446437504236_3443709547631688136_nОл  ақпан айының соңғы күндерінде 5 автокөлікті тонаған. 20 ақпан күні Жауынгер Интернационалистер көшесіндегі көпқабатты үйлердің ауласындағы «Хюндай» көлігіне ұрлыққа түскен. Әмиян, жеке куәлік, бейнежазу құрылғысын қолды еткен. 
Тергеу жұмыстары барысында темір тұлпар иесі көлігінің есіктерін ашық қалдырғаны анықталды.        
Келесі қылмыс 22 ақпан күні Таран көшесінде болған. Күдікті «ВАЗ-2114» көлігінің бүйір жақ терезесін сындырып, бейнежазба мен антирадар құрылғысын ұрлаған. Сол түні Пушкин көшесінде осыған ұқсас тағы бір қылмыс тіркеліпті. Бұл көшедегі көпқабатты үйлердің ауласында «Ниссан-Кашкай» автокөлігінің тоналуына да осы ұрының қатысы бар болып шықты. Қарақшы құны 27 000 тұратын антирадарды жымқырған. Сол аулада тағы бір жеңіл көлік иесі зардап шекті. «Ваз-2114» көлігіндегі 5000 теңге ақша мен флеш-картаны "олжалап" әкеткен. 
Аталған заң бұзушылықтарға қатысы бар деген күдікті «Лексус  – RX400» көлігіне ұрлыққа түспек болған жерінен ұсталды. Қылмыскерді жедел әрекет ету барысында полиция қызметкері аға сержант Бейсенбек Бегенов, жедел күзет фирмасының сақшылары Арман Нұрғалиев пен Медет Хамитбеков құрықтаған, деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.     
 
Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓