Экономика дамуындағы ғылым мен инновация

Облыс орталығындағы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінде  «Ғылым мен инновация –  мемлекет экономикасын дамытудың стратегиялық басымдылықтары»(Дулатов оқулары) атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.IMG_4638 Конференцияға еліміздің сол секілді алыс, жақын шетел жоғары оқу орындарының ғалым-профессорлары, халықаралық, мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері, сарапшылары, білім  саласынның мамандары қатысты. IMG_4629Жиын барысында  сөз сөйлеген М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры С. Есмұратов, РФ-ның 3 классты мемлекеттік кеңесшісі, МААО президенті, профессор М.Трифонова, ресейлік ғалым В. Вершинин, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институты филиалы Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры Ж. Шымшықов(Астана қаласы),IMG_4694  Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Н. Балғабаев(Тараз қаласы) және тағы басқалары ғылым мен инновация – халықаралық экономикалық  кеңістігінде мемлекет  экономикасы дамуының стратегиялық басымдылықтарының бағыттары мен болашағы, жоғары білімді жаңа білім беру қызметтер – кәсіпкерлік ЖОО сапасымен, IMG_4689сондай-ақ оқу бағдарламаларының мазмұнымен толықтыру, Еуразиялық экономикалық кеңістігі қатысушы-елдерінің инновациялық дамуының ЖОО ғылымдарының нақты интеграциясы жөнінде тәжірибе алмасу, ынтымақтастық келісімдері аясында ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы үрдісін ұйымдастыру секілді мәселелер туралы жан-жақты айтып берді, өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын жеткізді.IMG_4630
 
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ
 
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓