Жан-жақты айтылды

Баспасөз клубында өткен кездесу барысында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Берген Беспалинов БАҚ өкілдеріне елімізде жаңадан қабылданған «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  заңдарының мақсатына, міндетіне  және негізгі ережелеріне түсінік берді.DSC_0051  Жаңа Заңдардың еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінің жаңа үлгісін құру, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру мақсатында қабылданғандығын айтты. Ол мысалы, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңы бойынша, мемлекеттік қызметке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілгенін атап айтқанда, тест тапсыру, конкурс өткізу, мемлекеттік қызметшілерді бір қызметтен екінішісіне ауыстыру, біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметшілерге үстеме ақы төлеу жағы қарастырылғанын және заңдағы басқа да өзгертулер мен толықтырулар бар екендігін жеткізді. Журналистер  заңдарға байланысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓