140 тонна өнім сатылды
Қостанайда өткен кезекті сенбілік жәрмеңкеде 140 тонна ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі сатылды. Қостанайлықтар қант, ұн және жұмыртқа алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Сондай-ақ, балық пен етке де сұраныс көп болды.
Жәрмеңкедегі қанттың құны – 165 теңге. Құс етінің бағасы – 395 теңге. Сиыр еті 800-900 теңгенің шамасында сатылды. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілер жәрмеңкеге 140 тонна тауар әкелген. Жалпы сомасы, жобамен, 35 млн.теңге болады.