Ардагерлер құрметіне футбол ұйымдастырылды

Қарабалық ауданында мектеп оқушылары арасында ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған футболдан жарыс ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы футбол алаңына 9 оқу ошағының командалары шықты.футкарабалык
Жалпы, қанқұйлы Ауғанстандағы соғысқа аттанған 22 мың қазақстандықтың 52-сі – осы Қарабалық ауданының тумалары. Олардың төртеуі туған жерлеріне «Қара раушан» бортымен қорғасын табытта жеткізілген болатын. Сұрапылды бастан өткерген батырлар арнайы мерекеде ғана ұлықталуы керек деген жас ұрпақ түсінігіндегі қасаң қағида бұзылуы керек. Сондықтан спорттық шараға мұндай есім берілуінің маңызы зор. Мұны футбол ашылуында ауған соғысы ардагері А.Панчурин тілге тиек етті. Тағылымды ашылудан кейін командалар өзара сынға түсті. Өз мектептерінің абыройы үшін директорлар қолдау білдіре келген.
Қорытындысында, Станционный ауылының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға боскөлдіктер ие болды. Үшінші орын – новотройцкіліктерде. Төрешілер үздік ойыншыларды анықтап, қазан айында Меңдіқара ауданында өтетін облыстық жарысқа жолдама берді. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓