Барар жері, басар тауы жоқ

Ол екі ай бойы далада түнеп жүр. Құшағын ашқан ешкім жоқ. Оған тек Қостанайдың көшелері ғана пана. Асыраушысынан ерте айрылып, тіршілік тұманында адасып жүрген өрімдей қазақ баласының тағдыры тыңдаған жанды толғандырып тастайды.

DSCF6495Осыдан бірер күн бұрын редакциямызға Марат Бучиев есімді 23 жасар жігіт келді. Бір көргенге жағдайы жақсы, ел қатарлы білім алып жүрген студент деп ойлайсың. Бірақ ол өтініші бар екенін айтып, әңгімесін бастағанда жағдайдың мүлде басқаша екеніне көз жеткіздік. Жеті жасында ата-анасы Мараттан бас тартқан. Қандай себеп болғаны белгісіз, бауыр еті балаларын Қарабалық ауданынан әкеліп, 1999 жылы Қостанайдағы ақыл-есі жетілмеген жетім балаларға арналған №2  мектеп-интернатына тапсырып кеткен. Алайда, кейіпкеріміз өзінің жан-денінің  сау екеніне  сенімді.

DSCF6489
DSCF6478

Мектеп-интернатты бітірген соң, аталған оқу орнының ықпалымен, Қостанайдағы тұрмыстық қызмет көрсету колледжіне түсіп, аяқ киім тігу мамандығын алып шыққан. Мараттың айтуынша, ол осы мамандықпен жұмыс істемеген, аяқ киім жөндеу қолынан келе де қоймайды, епсектігі жоқ. Олай болатын себебі, қолындағы ақыл-есі кем деп жазылған куәлігі жұмысқа орналасуына кедергі болып, талай жер кеудесінен итерген. Шарасыздықтан түрлі құрлыс орындарында жегіліп, базарларда жүк түсіріп, қара жұмыстар жасап, тиын-тебен тауып келген. Тұрғылықты жері болмағандықтан, жұмысына жақын қалтарыс-бұлтарыстарда түнепті. 

DSCF6500

 
Жығылғанға жұдырық: "ұшарын жел, қонарын сай біліп жүргенде" қолындағы дипломын да жоғалтып алады. Мүмкіндік болса сол дипломын қайтадан қалпына келтіргісі келеді. Оның барлық әңгімесін бейнетаспаға жазып алдық. (Орыстілді интернатта оқығандықтан болар – ана тілінде еркін сөйлей алмайды екен) 
 
 
Алаңдататыны  – Мараттың  дәл қазіргі жағдайы. Тұрақты жұмыс та, жанашыр таныс та, қонар жері де жоқ әлі. Қостанайдағы көпқабатты үйлердің подъездерінде түнеп, өзегін өзгелерден тіленшілену арқылы жалғап жүр. Тіпті, қоқыс жәшігін де қотаратын кездері болатынын жасырмады. 

DSCF6502

Осы жағдайды жылап отырып баяндаған Марат, бір кездері өз-өзіне қол жұмсауға да бел буғанын айтады. Бірақ, көкейдегі бір үміт дұшпан ойының жүзеге асуына «кедергі» жасапты. 
 
 
Марат өзінің жағдайын тиісті мекемелер елеп, басқа да қандас бауырлардың көмек қолын созуын сұрайды. Асыраушысынан айрылып, тағдырдың теперішін көріп жүрген жігіт тірлікте "табан тірер" табыларына сеніммен қарайды.
 
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ      

You may also like...

10 Responses

  1. Абай айтты:

    "Қостанай таңы" орынды мәселе көтеріп отыр. Біздің қоғамның ең басты құндылығы адам десек, онда әр азаматты көздің қарашығындай қорғау парыз. Оның үстіне мына жас бала өзіміздің қаракөзіміз ғой. Далаға қалдырмайық, ағайын. Қолдан келгенше көмектессек қайтеді?  Қайдасыңдар, қазақтың қалталы жігіттері?!

  2. Айдана айтты:

    Блин кандай ужас ! Жаксы жигит кой омири куритын болды Маган Номерин бериниздерши Улкен агаларга айту керек комектесемиз солай болмайды , Маган тауып бериниздерши. Комек жасаймыз аке шешеси уят Жок екен Алла берсин жазаларын ! 

  3. Нұрсұлу айтты:

    Жүрегім елжіреп кетті. Мұны облыстық әкімдікке айту керек. Журналист әкімдіктегілерден көмек сұрап, Маратты өзі алып барса жақсы болар еді. Сауабы тиеді. Әйтпесе, Марат өзі бара қоймас.   

  4. Акбота айтты:

    "ҚОСТАНАЙ ТАҢЫ" газеті дурыс жазыпсыз. Халыктын газетисиздер, журтшылыктын жогын айтып карапайым халыктын камын ойлаган айып емес. Байгус баланын жагдайы аландатады. Балалар уйінен шыккан ар бала қаңғып журсе не болмакпыз. Аз гана казакпыз ози. Газетимиз бастап баримиз колдау корсетейiк.

  5. Айдана айтты:

    Макала авторына риза болып отрмын. Коптеген БАК окилдери корсе де унсиз калып жатыр. Ар казак жалгызым дегендей. Ар казак сиздердин окырман жанашырларыныз. Бул балада сиздерге сеним артып келди.енди жиналып комектескенимиз дурыс болар. Бул баланын атына кор ашсак та артык емес.

  6. Адиксон айтты:

    Қостанай таңы, жарайсың! Ақсап жүрген, қиналып жүрген халық көп. Соның жоғын жырлап, айтып жүріңіздер.

  7. Баглан айтты:

    Байгус казагым алi кангып жур екенсин гой. Елбасы канша тырысып жатса да, касындагылары керi тартады да журедi. Акiмдиктер колга алса екен мына баланын маселесин

  8. Дана айтты:

    Сұмдық. Әйтеуір жас жігітті ауру-сырқауға шалдықпай тұрып құтқарып алса ертең-ақ бір  шаңырақтың иесі, қып-қызыл азамат болып шығады.Өзі жүнжімеген, саналы, жақсы бала сияқты. Осыған дейін қаншама мекемеге барғанында көмектеспегендері имансыздық екен.Қостанай таңы, сіздерге рахмет. Үнемі мәселе көтеретін, халықты сыйлайтын сіздерді халық та сыйлайды. Өтініш:Мараттың жағдайы не  болып жатыр, хабардар етіп отырыңыздар.

    • web_redaktor айтты:

      Мараттың қазіргі уақыттағы хал-жайы туралы материал бүгін-ертең сайтта жарияланатын болады. 

       

  9. Әнипа айтты:

    Бір үміттің сәулесі қылаң беріп, жетелеуде Сенімді алға қарай…  Пәниінде тамұққа таңылмасын, үміт отын жалғасын алдағы арай.

          Ағайын, сенімге селкеу түсіп, үміт оты өшіп қаламаса екен!!! Ошаң етер ортамыздан бір азамат деп үміттенем. Ел едік қой. Жетімін қаңғыртпаған, жесірін жылатпаған ел едік қой.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓