«Қазақстанның үздік тауары»
27- ші тамызда Қостанайда дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауы өтеді. Оған облыстың әр түкпірінен 16 кәсіпорын қатыспақ. Өнімдері ішкі нарықты қамтып қана қоймай, алыс-жақын шетелдердің сұранысын қанағаттандырып жүрген әлеуетті өндіріс орындары, сондай-ақ жас кәсіпорындар бақ сынасады.
Қатысушылар қатарында құрылыс материалдарын шығаруға арналған Жітіқарадағы «Эталон» кәсіпорны, Рудный қаласындағы тез дайындалатын кеспе өнімдерін өндірумен айналысатын «Ақ Барс» фирмасы. Сол секілді минералды сусындар, шұжық өнімдері мен автокөлік шығару саласындағы зауыттар сынға түспек. Жеңімпаздар үш номнация бойынша анықталады. «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» «Халық тұтынатын үздік тауар» және «Азық- түлік үздік тауары» сияқты номинацияларды қамтиды. Үздік деп танылған кәсіпорындар республикалық деңгейдегі байқауда Тобыл өңірінің атынан қатысады.