Партия мүшелігіне өтті
Астанада күні қарсаңында ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында «Нұр Отан» партиясы өз қатарына бір топ азаматтарды қабылдады. Олардың арасында Қостанайдағы «ТОРО компаниясы» ЖШС директоры Майль Тороян да бар.
Ол жетекшілік ететін серіктестік Тобыл өңірінде құрылыс, мал және егін шаруашылығын қатар дамытып келеді.
-Елбасы Н.Назарбаев өзінің жуырда сөйлеген сөзінде, бес іргелі реформаны жүзеге асыруға әрбір қазақстандық қатысуы тиіс деп атап көрсеткен болатын. Астана күні қарсаңында партия қатарына мүшелікке қабылдану мен үшін зор мәртебе. Біз дұрыс жолды таңдадық деп ойлаймын,-деді М.Тороян сөзі реті келгенде.
Майль Тороян – партияның белсенді өкілі. Кәсіпкер, меценат. Ол балалар үйіне, интернаттарға, қоғамдық ұйымдарға үнемі көмек қолын созып, демеушілік көрсетіп тұрады.
Оның кәсіпорынында мыңнан астам адам еңбек етеді. 1998-2009 жылдар аралығында М.Тороян «Эребуни» армян ұлттық мәдени бірлестігінің перезиденті болды.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының қатарына өткен бір топ қоғам қайраткерлеріне партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Бәйбек партия билеттерін табыс еткен болатын. Олардың қатарында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік Академияның профессоры Зинаида Федотова, «Жамбыл электр желілер» ЖШС бас директоры Әлихан Жарболов, «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС бас директоры Ернар Құрмашев, «Жасыл Ел» еңбек отряды республикалық жастар штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин, «Қазақстан» РТРК АҚ ақпараттық-сараптама дирекциясының директоры Құрманбек Қазанбасов, Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Әбдуәлиев, Ақтөбе облысындағы «Өсербай» шаруа қожалығының жетекшісі Лариса Ю , Орал қаласындағы «Зенит» зауытының инженер-құрастырушысы Дәурен Оқасов из ЗКО, режиссер әрі актер Максим Акбаров, эстрада әншілері Қайрат Нұртас және Жанар Дұғаловалар бар.
Айбек КӘДІРҰЛЫ