Арба соңындағы балалық шақ

Балалық шақтың қызығы  жазғы демалыстар. Бірі ел-елді аралап жер көреді, енді бірі ауылда асыр салып ойнап күн өткізеді. Тағы бірі жаз уақытында тер төгіп еңбектенеді. Ақша табудың қамын ойлайды. Бірақ, сол жас жеткіншектердің еңбектерін арам пиғылмен пайдаланғандар табылатыны қынжылтады.бала енбек Қостанай облысы бойынша ІІД өңірде «Еңбекпен қамту» акциясын өткізуде. Бұл шараның мақсаты кәмелетке толмағандарды  еңбекке тартып,  заңды бұзғандарды анықтау. Облыста мұндай 5 дерек тіркеліпті. Көп жағдайда жұмыс берушілер еңбек шартын жасамайды. Сондай-ақ, жастардың жұмыс уақытын шамадан асырып жібереді екен. 
Қостанай қаласындағы сауда нүктелерінің бірінде учаскелік инспектор жүк тасып жүрген баланы аңғарып қалған. Тексере келгенде, кәсіпкердің заңсыз әрекеті әшкере болды. Атап айтар болсақ, кәсіп иесі буыны қатпаған бозбаламен еш келісім құжатын жасамаған. 
«Ата-ананың баласының бос уақытына көңіл аудармауы осындай заңсыздыққа әкеп соқтырады» – дейді тәртіп сақшылары. Ал кәмелетке толмағандар заңнан білімдері таяз болғандықтан, жұмыс берушілердің жемтігіне айналып жүр. 
Жазғы демалыс басталғаннан бері, полиция қызметкерлерімен 50 мың жас жеткіншек ұйымдастырылған демалыс орындарына орналастырылды. Олардың 1130-ы  қалалық ІІБ тіркеуде тұрғандар және 1193-і тұрмысы нашар отбасынан шыққан.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓