Сарбаз мерт болды
Қостанай қаласында әскерге шақыртылған сарбаз жұмбақ жағдайда мерт болды. Ұлттық гвардия сапына қабылданған ақтөбелік Таңатқан Өтепов белгісіз себептермен ақыл-есі ауытқыған жандарды емдейтін мекемеге жатқызылып, артынша жағдайы нашарлап, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Денсаулығында мін болмаған жігіттің небары 5 күннен соң үйіне табытпен оралуына ата-аналары әскери бөлімдегілерді кінәлап отыр. Қазірде оқиға бойынша тергеу басталып кеткен.