Бірлесіп жұмыс істеуді көздейді

Түріктің «Фимакс» компаниясының өкілдері облыс орталығындағы «Мотор-Деталь» серіктестігінде болды.IMG_2447
       Ауылшаруашылық техникаларын сатумен айналысатын бұл кәсіпорын нарықта 1998 жылдан бері жемісті жұмыс атқарып келеді. Осы уақыттар аралағында ол Украина, Белоруссия және Ресейдегі белгілі өнім өндіретін компаниялардың ел ішіндегі ресми дилері ретінде  танылды. Кәсіпорынның ұстанған бастапқы саясаты ол, жоғары сапалы  ауылшаруашылық техникаларымен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етіп, тиімді баға қызметін ұсыну.IMG_2458 Бүгінде компаниямен тығыз қарым-қатынас орнатқан ұжымдардың арасында облысқа белгілі «Диевское» Агрофирмасы» , «Алтынсарино» , «Қарқын», «Әліби-Агро»,  «Раскуль», «Қарасу» СӨК», «Ақмола-Феникс», «Арай-Холдинг», «Карл Маркс» тәрізді ондаған серіктестіктер бар.IMG_2455
       «Мотор-Деталь» кәсіпорыны  «Берестье» тұқымсепкішін, астық тазартатын машиналарды, шөп шабатын техника, жем шашатын қондырғыларды, К-704, Вектор, Акрос, Есіл, Нива, Дон, Енисей тәрізді комбаиндардың қосалқы бөлшектерін де сатумен айналысады. Қысқасы, ауылшаруашылық техникаларына қажетті барлық бөлшектерді осы компаниядан табуға болады.
      Серіктестік директорының механизация жөніндегі орынбасары Сергей Куницынның айтуынша, Қазақстанға жеткізілген техникалардың сапасы жергілікті жер жағдайына аса тиімді әрі қолайлы көрінеді.
      Түрік компаниясының өкілдері да қырық жылдан бері ауылшаруашылығына қажетті техника шығарумен айналысып келеді. Олар өз өнімдерінің 50%-дан астамын  әлем елдеріне сатады. «Фимакс» компаниясының өкілдері өздері шығарған жоғары сапалы техникалардың   ISO стандарттарына сәйкес және оның ұзақ жылдар бойы кідіріссіз жұмыс істейтіндігіне кепілдік беріп отыр. Түрік техникаларының жұмыс өнімділігі жоғары әрі шығын аз жұмсалады. Сондықтан, әлемдегі жетекші өнім өндірушілердің алғашқы ондығына кірген.
     Делагация мүшелері «Мотор-Деталь» компаниясымен де бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді. Ол үшін Қазақстан мен Түркия арасындағы іскерлік байланысты мейлінше жақындата түсу керек дейді түрік ағайындар.IMG_2472
     -Біз Қазақ елімен арадағы кәсіпкерлік қарым-қатынасты нығайта түсуіміз керек. Сіздер де біздің елге келіңіздер. «Фимакс» компаниясы шығарған өнімдерді өз көздеріңізбен көріп, техникалардың сапасына, жұмыс істеу қабілетін байқаңыздар. Бұл іскерлік байланыс үшін таптыртпас мүмкіндік болар еді,-деп ой түйді Ихсан Юмлу.
      Естеріңізге сала кетейік, түрік кәсіпкерлері Тобыл өңіріне облыс басшыларының шақыруымен аяқ басып отыр. Оларды брэндке айналған өз тауарларын ел экономикасының түрлі саласында байқап көру мүмкіндігі қызықтырады.
 
Айбек КӘДІРҰЛЫ
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓