Несие мәселесі көтерілді
Ұзынкөл ауданының әкімі А. Ибраевтың төрағалығымен шаруа қожалықтары жетекшілерінің, жеке кәсіпкерлердің қатысуымен семинар болып өтті. Әңгіме тақырыбы несие туралы болды. Жиналғандарға облыстық «Аграрлық несие корпарациясының»АҚ директоры А. Жұмашев әлеуетті ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге мал шаруашылығы саласына несие алу үшін қандай жағдай қарастырылғанын, оның жүзеге асыру механизмдері туралы түсінік берді.