Жас өрт сөндіру жасақшыларының жарысы

 Қостанай қаласында өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту мақсатында жас өрт сөндіру жасақшыларының арасында облыстық жарыстың финалы өтті.
Алдын ала өткен өңірлік жарыстарға қалалар мен аудандардың 170 мектебінен 2800-ден астам оқушы қатысты. Бірінші, екінші орын алған командалар финалға өтті. Жас жасақшылар мұнараға шабуыл баспалдағымен көтерілу, жүгіру және жауынгерлік қанат жаюдан жарысты. Қостанайлық жас жасақшылар жақсы көрсеткіш көрсетіп, жеңімпаз атанды. Сарыкөлдік жас өрт сөндірушілер екінші, жітіқаралықтар үшінші орынды иеленді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓