Елдің кемел болашағы үшін

Жангелдин ауданының тұрғындары бүгін 26-шы сәуір күні өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында аса үлкен белсенділік танытуда. Аудан орталығындағы нөмірі 301, 304, 307, 308 сайлау учаскелеріне тұрғындар таң сәріден сағат 06:00-ден бастап келе бастады. Міне, түскі сағат 14:00-ге аудандық аумақтық сайлау комиссиясының берген мәліметі бойынша 29 сайлау учаскесінде тізімге тіркелген 6594 сайлаушының 96,1 пайызы дауыс берді. Оның ішінде 292 адам алғашқы рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
жг

Жангелдин ауданының Құрметті азаматы Нүретден Молдабеков отбасымен дауыс беруде

Ауданның Құрметті азаматтары Нүретден Молдабеков, Қабжәлел Әлібек, Кәкімжан Карбозов, еңбек ардагерлері Тыныштық Әбжамалов, Сайлаукүл Торғайбайқызы, көп балалы ана Шаттыгүл Тұрғынбектер саяси маңызы зор шараның әділ де, жоғары дәрежеде өтуіне шынайы ықыластарын білдіріп, тұғырлы елдің еңсесі биік, болашағы кемел болып өсіп, өркендеуіне ақ баталарын берді.
 
Рәш ӘБІШЕВА
Жангелдин ауданы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓