Қарағандылықтарға азық-түлік жіберіледі
Облыста. Біздің өңір су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға 100 тоннаға жуық азық-түлік жөнелтпекші. Бұл жайында облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов мәлімдеді.
Қарағандылықтар әсіресе, ұн, көкөніс және макарон өнімдерін күтіп алмақ.
Табиғи апат кезінде 10 мыңға жуық адам құтқарылып, 2000-ға тарта үй, 35 ауылды су басқан. Еліміздің әр өңірінен қарағандылықтарға көмек көрсетілуде.