Қостанайлық волейболшылар жеңді

Естеріңізге салсақ, сәуірдің 13 мен 18 аралығында Затобол кентіндегі «Астана» спорт кешенінде волейболдан «Б» жоғарғы лигасының чемпионаты өтті. Бір апта бойына тартысты өткен жарыста Қостанай облысының намысын «Динамо – Қостанай» командасы қорғады.
Жарыс аяқталып, жеңімпаздар анықталды. Тобыл өңірінің командасы жеңімпаз атанды деп мақтана айта аламыз. Екінші орынды Хромтау қаласының «ТНК-Казхром-2» командасы қанжығасына байлады, үшінші орын Қызылордалық  «Қорқыт-Ата-ҚМУ» командасына бұйырды.Аким вручает золотые медали  команде Динамо-Костанай
ҚР волейбол Федерациясының өкілі, ҚР волейболдан Чемпионаттың бас төрешісі Ирина Қабылбекова айтуынша спорт жарысының ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға берді. Қостанайлық спортшылардың дайындықтарының мықты екендігін де тілге тиек етті бас төреші.Семпионы команда  Динамо-Костанай
Спортшыларды марапаттау салтына облыс әкімі Нұралы Садуақасов қатысып, волейболшыларды құттықтады. Көрермендер мен спорт жанкүйерлеріне тартысты ойын көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
«Динамо – Қостанай» командасы волейбол тарихында тұңғыш рет жеңімпаз атанып, жоғарғы лигаға өтуге жолдама алды.
 
Махаббат Бекбай
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓