Аймақтық конференция өтті

Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік.Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында «Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің мемелекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі» аймақтық конференциясын өткізді.

Ұсынылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасының шеңберінде, аймақта мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге, оның мәртебесін арттыруға, тиімді формалар мен жұмыс әдістерін қолдану арқылы жастар арасында қазақ тіліне деген қажеттілік пен оның беделін арттыруға, қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша жобаларына бағытталған ақпараттық-насихат шаралары кешенін ұйымдастыру және өткізу жобаның негізгі мақсаты болып табылады.
 
Іс-шара барысында «Жангелдин ауданының «Аудандық тілдерді оқыту орталығы директоры – Гүлім Мылтықбайқызы білдірме оқып, 2021 жылы артқарылған жұмыстарына тоқталып өтті. Орталық әдіскері – Алма Жұмабайқызы латын әліпбиі жайында толыққанды мағұлматтар ұсынды.
Атаулы семинар спикері «Арқалық қаласы әкімідігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы әдіскері – Мұханбетжанова Жазира Мизамханқызы «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты аймақтық конференция барысында білім ұйымдарының тіл мамандары және аудан жастарына тәжірбиелік жұмыстарын жүргізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓