Анама

Рисунок1Мөлдіреген  көзіңнен
Қуаныш  көрем  анашым.
Елжіреген  сөзіңнен
Жылу  сезем  анашым.
Бар  мақсатым  ойлаған,
Ақ  сүтіңді   ақтаймын.
Жанашыр  жанды өзіңдей,
Ешбір  жерден   таппаймын.
Қалдырмаймын  ұятқа,
Сеніміңнен  шығамын.
Жанарыңнан  анашым,
Жан  сырыңды  ұғамын.
Төрт  бауырым  түгелміз,
Бәрі  сіздің  арқаңыз.
Әке де  ана  өзіңсің,
Сізге  сенім  артамыз.
Тілегіңді  анашым,
Бір  Алладан  тіледім
Мұңаймасын  жүзіңіз,
Ауырады  жүрегім.
Бар  тілегім  анашым,
Жүзіңнен  күлкі  кетпесін.
Бақыт  пенен  қуаныш,
Бізді  айналып  өтпесін.
 
Әкеме
Елестейді  бейнеңіз,
Көз  алдымда  тұрады.
Сәби  едім  ойынға,
Бір  қанбайтын  құмары.
 
Суық  хабар  келді  де,
Қаншама жан  ах  ұрды,
Қаралы  үйде  дауыс қып,
Сізді жоқтап  жылады.
 
Еміс-еміс  есімде,
Күрсінгенің  ауырып,
Сәби  жүрек  жұбанған,
Кетеді  деп  сауығып.
 
Өзіңізді  жоғалтып,
Таба  алмадым  содан  соң,
Қаншама  жыл  ойлаумен,
Күндер  өтті  қамығып.
 
Қабіріңнің  басында,
Дұға  қылып  қол  жайдым,
Атыңызға  жамандық
Келтірмеуді  ойлаймын.
 
Жақсы  адамның  баласы,
Дейді  мені халықтың.
Қиын  екен  өзіңсіз,
Қайғырдым  да  қамықтым.
 
Биіктетем әкешім,
Кір  келтірмей  атыңды,
Өлеңменен  арнадым,
Балалық  махаббатымды.
Қазгерей  АСҚАРБЕК.
Торғай аграрлық-техникалық колледжінің студенті,
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓