«Қауіпсіз жол» шарасы
Облыста 4-7 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы өткізілді. Төрт күннің ішінде жолда жүру ережесін бұзудың 1404 фактісі тіркелді.
ОІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда 320 автоәуесқой жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 302 жүргізуші белдікті тақпағаны үшін, 189 жүргізуші көлік жүргізіп келе жатқанда ұялы телефонмен сөйлескені үшін айыппұл төлейтін болады. Мақсатты шараның барысында көлік басқару құқығынан айырылған 5 жүргізуші анықталды, 7 адамның жүргізушілік құқығы болмай шықты. Сондай-ақ жүргізушілермен қатар 235 жүргінші жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.