ӨРТ қауіпсіздігі талаптары сақталмайды
Қостанай облысы ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызметі басқармасының негізгі жұмыс бағыты өрт қауіпсіздігі саласында бақылау-алдын алу болып табылады. Мемлекеттік органдарда, кіші және орта бизнес объектілерінде, тұрғын секторларда өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттері жүктелген.
Департамент қызметкерлері 2014 жылы 1141 тексеріс жүргізді. Заң талаптарын бұзудың 1980 фактісі анықталды. Тексеріс қорытындысында заң бұзушылыққа жол бергені үшін 836 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 95 ескерту берілді, объектілердің пайдаланылуын уақытша тоқтату туралы сотқа 13 талап-арыз жолданды. Тексеріс көрсеткеніндей мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен жеке кәсіпорындардың иелері өрт қауіпсіздігі талаптарын толық көлемде орындамайды. Өрт оқиғаларына отпен абай болмау, электр жабдықтарын пайдалану ережесін және пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережесін бұзу т.б. себеп болуда.
Атап өтерлік бір жай, 2015 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексіне өзгертулер енгі-зілді. Өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік және айыппұл мөлшері өзгертілді.