Туристерге ескерту
Рыноктың қалыптасуы мен дамуы жағдайында жауапсыз бәсекелестік немесе алаяқтық сияқты құбылыстар кез келген тұтынушы үшін айтарлықтай қауіп төндіреді. Сондықтан әлеуетті таңдалған туристік агенттікті (оператор) тексеру – тұтынушының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады, қате қабылданған шешімнің нәтижесінде келтірілетін зиянның қауіпі тым үлкен. Яғни, туристік агенттікті таңдаған кезде, ең алдымен олардың сенімділігін тексеріп алу қажет, ал ұсынылып отырған ескертумен мұқият танысу және оларды сақтау, саяхат кезінде проблемалық жағдайлардың болу қауіпін біршама төмендетуге болады.
Ең алдымен, шарт талаптарымен, туристік өнімді ұсыну туралы шартта және ілеспе құжаттарда көрсетілген төлемдердің мерзімімен және тәртібімен, қажетті құжаттарды ұсыну мерзімімен, туристік өнімнің тұтынушы ерекшелігінің көрсетілуімен, тасымалдау мен орналастыру сипаттарымен, сақтандырудың талаптарымен, демалыстың бағдарламасымен, бас-қа мәліметтермен танысып алыңыз. Туристік өнімді ұсыну туралы шартты жасасқан кезде туристік фирманың қызметкерінен тасымалдау құжаттарын алудың тәртібі мен мерзімін анықтап алу қажет. Туристік компанияда алатын құжаттар топтамасында уақытша келу және кетуге арналған билеттер (электронды билет) болуы тиіс. Сапар билетінің түбіртегі екендігіне көзіңізді анық жеткізіңіз. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандыру шарттарымен (медициналық сақтандыру, жол болмай қалудан сақтандыру), сақтандыруды өтеу мөлшерімен, әрекет ету тәртібімен, сондай-ақ орналасу орындарының (қонақ үй, отель) сипаттарымен және ерекшеліктерімен, отельге келіп орналасу және босату уақытымен де танысу қажет. Құжаттарды (соның ішінде туристік ваучер, әуе немесе теміржол билеттері) ал-ған кезде олардың толымдығы, құрамын, мазмұнын, құжатта көрсетілген мәліметті және аты-жөнінің дұрыс жазылуының анықтығын тексеріп алып, ал құжатта жіберілген қателер болса, турфирмаларға міндетті түрде ескерту қажет. Саяхаттың алдында бір күн бұрын турфирманың қызметкерлерінен ұшу ақпаратын, әуежай, вокзалды және поездің қозғалу уақытын, басқа да мәліметтерді анықтап алу қажет. Тиісті ақпаратты қосымша ғаламтор желісінде орналастырылған ұшу әуежайының сайтынан да анықтап алуға болады.
Сонымен қатар, бөтен елге саяхаттауға шыққан туристің жеке қауіпсіздік пен жеке мүлікке қауіп төнген жағдайда консулдық, дипломатиялық, сондай-ақ басқа да туристік өкілеттіктерге шағымдануға құқығы бар. Шарттың талаптарын орындамаған жағдайда шығынды және моральдық нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте туристік қызметпен айналысатын адам өтейді.
Туристің бастамасы бойынша туристік өнімді орындау туралы шартты бұзған кезде ақшалай қаражаттың қайтарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына және заң талаптарына қайшы келтірілмейтін шарт талаптарына сәйкес орындалады.
Саяхаттан бас тарту талаптары шарттың маңызды талаптарына жатқызылады және міндетті түрде туристік өнімді орындау туралы шартында белгіленеді.
Біз Сіздерге сәтті сапар және жақсы демалыс тілейміз!
Г.МАХАНОВА
Қостанай қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.