Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020
Қарабалық ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының қорытындылары белгілі болды.
Аудан бойынша бағдарламаға 568 адам қатысса, оларды жұмыспен қамтып, оқытуға, біліктілікті арттыру мен жеңілдетілген несие беруге 486 миллион теңге жұмсалған. Биыл жеңілдетілген несие 42 миллион теңгеге рәсімделсе, келер жылы 81 миллион теңгені игеру жоспарда бар. Бағдарлама шеңберінде 20 адам өз ісін ашып, тағы 28-і кәсіптерін кеңейтіп отыр. Сондай-ақ кәсіптік оқытуға жіберілген 119 азаматтың 99-ы оқуын тәмамдап, олардың тұрақты 80-і жұмыспен қамтылған.